Көзі көрмейтін серфер теңіз толқындарын бағындырды
Бразилиялық Дерек Рабелоның жасы 24-те. Көзінің көрмейтініне қарамастан, ол әлемдегі ең қауіпті саналатын Пайплайн толқынын бағындырған алғашқы серфер, - деп жазады Egemen.kz
Теңізді денесі арқылы сезінетін серфер көзінің мүлде көрмейтініне қарамастан толқындағы серуендерге құштар. Оның Дерек есімін әкесі Эрнесто Гавай аралдарындағы тұңғыш әлем чемпионы Дерек Хоның құрметіне қойған.
Эрнесто өзі серфингты жақсы көргендіктен, ұлының өз ізін жалғағанын қалаған. Алайда баласы глаукомамен өмірге келеді. Бірақ Дерек 17 жасын-ақ алып толқындарға қарсы тұруды меңгере бастайды. Кейіннен ол Прай-до Морро серф мектебінде білім алады. Әке арманын орындаған серфер қазіргі кезде әлемді шарлап, ең қауіпті деген тоқындарды бағындырып келеді.