Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 ГАЗЕТ

20 тамыз 2019 ж.

№63 ГАЗЕТ

17 тамыз 2019 ж.

№62 ГАЗЕТ

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әлемдегі ең бай әнші кім?

Әлемдегі ең бай әнші кім?

Халықаралық журналдың бағалуынша, Fenty Beauty компаниясы танымал әншіге өткен жылы 570 миллион доллар пайда әкелген.

Риана есімімен танымал америкалық әнші Робин Риана Фенти әлемдегі ең бай әнші әйел атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС сілтеме жасап. Оның әлеуеті 600 млн долларға бағаланған.

Риана әлемдегі ең бай әйелдердің тізімінде 37 орынға ие болып, өзінің Мадонна (39-орын, 570 млн доллар), Бейонсе (51-орын, 400 млн доллар) секілді танымал әріптестерін басып озған.

Forbes журналы мамандарының мәлімдеуінше, Риананың басты табыс көзі француздық LVMH – Louis Vuitton Moet Hennessy брендімен серіктестік нәтижесінде түседі екен. LVMH бренді 2017 жылы Риана негізін қалаған Fenty Beauty косметикалық компаниясын сатып алды. Компания жұмысын бастаған алғашқы апталарда-ақ сатылым көлемін 100 млн долларға жеткен. Компанияның аз уақытта үлкен нәтижеге қол жеткізуіне Риананың танымалдығы мен Инстаграммдағы 71 миллион оқырманы септігін тигізді. Халықаралық журналдың бағалуынша, Fenty Beauty компаниясы танымал әншіге өткен жылы 570 миллион доллар пайда әкелген.

Естеріңізге сала кетейік, Риана осыған дейін LVMH компаниясымен бірігіп, Fenty сән үйін ашатыны туралы айтқан болатын. Аталмыш бренд киім, аяқ киім, аксессуарлар және әшекей бұйымдар жасаумен айналыспақ.

Дәурен Сыбанбай,

qamshy.kz
05 маусым 2019 ж. 247 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам