Токиода салмағы 250 келіден асатын балық 3,1 млн долларға сатылды
Тоёсу базарында өткен жаңа жылдық бәссауда жергілікті саудагерлердің де таңқалдырды. Ал Тынық мұхитында ауланған балықты «Киомура» компаниясының қожайыны Киеси Кимура иеленді. Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда көк тунецті сатуда рекорд 2013 жылы орнатылған болатын. Ол кезде Цукидзи базарында 200 келілік көк тунец 1 миллион 800 мың долларға сатылған еді.
Киоши Кимура, Kiyomura corporation компаниясының басшысы:
- Мен бұл балықтың бағасы 270-460 мың доллар шамасында болар деп топшыладым. Ары кеткенде 550 мың долларға дейін көтерілер деп ойлағам. Бірақ ол мен күткеннен 5 есе қымбатқа сатылды.
24.kz
Пікір 2