Осыдан 3 жыл бұрын Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы амбулатория облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта ауыл халқы жаңа кейіпке енген емдеу мекемесінің игілігін көруде. Ақиық ақын ауылындағы ақ халатты абзал жандар жергілікті халықтың денсаулығын жақсарту бағытында аянбай еңбек етуде....
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлымен бірге Іңкәрдария ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралап, ғимараттарының техникалық жағдайына, санитарлық талаптардың сақталуы және тұрғындарға қызмет...
Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысы өтіп, онда ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев жаңа Конституция жобасындағы 18-бапты орыс тілінде нақтылай түсуді ұсынды. Конституцияның әрбір нормасы анық, түсінікті болуы керектігін, комиссияның орасан зор жұмыс атқарып...
XXV қысқы Олимпиада ойындары бүгін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми жалауын көтереді. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде өз тарихында тоғызыншы рет қысқы Олимпиада ойындарына қатысқалы отыр. Осы орайда, Kazinform тілшісі еліміздің ақ Олимпиада тарихына көз жүгіртіп көрді. KAZINFORM...
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады....
Жыл сайын елімізде ақпан айының бірінші бейсенбісінде «Дүниежүзілік сайлау күні» аталып өтеді. Атаулы күнге орай аудан орталығындағы стадионда сайлау мамандары арасында волейболдан жарыс өтті. Аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен жүзеге асқан спорттық іс-шараның ашылу салтанатына аудандық мәслихат...
Бүгін елордада студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары мен белсенді жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа - елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында диалог алаңы өтті....