Аудан әкімі референдум учаскелерінің дайындығымен танысты
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған, Нағи Ілиясов және Ақжарма ауылдарындағы референдум учаскелерін аралап, дайындық жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы әрбір елді мекендегі учаскелердің жай-күйін көріп, дауыс беру процесін ұйымдастыру деңгейіне назар аударды.– Алдағы 15 наурызда өтетін референдум – ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқан. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, қоғам өміріндегі маңызды шешімдерге қатысуы қажет. Референдумды ұйымдастыру барысында заң талаптары толық әрі қатаң сақталуы тиіс. Дауыс беру үдерісі ашық, әділ және заң аясында өтуі керек. Әрбір азаматтың конституциялық құқығының сақталуы – басты міндет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудандағы сайлау учаскелерінде барлық жағдай жасалған. Соның ішінде мүгедектігі бар азаматтар үшін дауыс беру учаскелері қолжетімді түрде ұйымдастырылған. Учаскелерде пандустар, ыңғайлы кіреберістер, арнайы кабиналар және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған құралдар қарастырылған.










