Су сұрасам, сүт берген, айран берген...
Ат үстіндегі аңқасы кепкен жігіттің сіміріп жатқаны айран ба, сүт пе, ашытпа көже ме, оған ықыластана қарап, сапар кесенің босауын күтіп тұрған қызымыз бойжеткен бе, жеңге ме, әлде көрші келіншек пе, мәселе онда емес. Бүкіл қазақтың болмысы, күллі ауылдың тіршілігі бар бұл суретте. Сурет емес, суреткерлік!...