Темірден түйін түю – көне кәсіп. Сонымен қатар біздің заманымызда сирек кездеседі. Темір ұстасын қазіргі кезде табудың өзі қиын болғандықтан кәдесый іздеушілер Талғат Ыдырысовты арнайы іздеп келіп жатады. Ұста Қоғалыкөл ауылында тұрады....
Аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі – "Мәді қажы" ЖШС. Шіркейлі ауылындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік осыдан бірнеше жыл бұрын ашылған цехта құрылыс материалын шығарап келеді....
Бала шақта ойыншықтардан отбасы құрап, шағын қойылым қоятынбыз. Қуыршықтарға қамқор ана болып, оларға тәтті ботқа жасап беріп, тамақтандырып, киіндіріп, қуыршаққа күйеу жігіт тауып, үйлендіріп ойнайтынбыз. Бұл – мысал ғана. Ал сіз сол балалық шақта ойнаған «Отбасы» ойынын шындыққа айналдырғыңыз келмей ме?...
Қызылорда облысы бойынша COVID-19 қарсы күреске қатысқан 2,4 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төленуде, деп хабарлады «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов....
Кешкілік уақытта «дамашкі» шырылдайды. Маған емес. Көбіне-көп шешемізге қоңыраулатады. Оны бәріміз білеміз. Үндемей, жасыл түймесін басқан бойда, Ұлекеңнің қолына ұстата қоясың....
Еріктілік – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Жүрек жанданса – қоғам да өркениетке қадам басары сөзсіз. Сондықтан қазіргідей індет жайлаған кезеңде еріктілердің елге қолғабыс тигізуі – жанашырлықтың нақ үлгісі екені анық....