29 наурызда Қазақстанда қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
«ҚазАвтоЖол» мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 29 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша бірқатар республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс ашық, деп хабарлайды Egemen.kz. Ашық жолдар
Ақмола облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» (16–200 км, Астана – Павлодар облысының шекарасы)
Павлодар облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» (200–415 км)
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» (1135–1206 км)
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» (0–231 км)
- «Павлодар – РФ шекарасы» (0–152 км)
- Павлодар қаласының батыс айналма жолы (0–15 км)
- «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» (0–25 км)
Қарағанды облысы:
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» (231–324 км)
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» (1066–1135 км)
Жабық жолдар
Қостанай облысы:
- «Мариновка ауылына кіреберіс» (0–9 км)
Себебі: су тасуы (ұзындығы 70 м, биіктігі 20 см)
Ашылу уақыты шамамен: 5 сәуір, 08:00
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» (0–30 км)
Павлодар облысы:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы»
(Қалқаман жолайрығы маңы)
Қосымша шектеулер
Шығыс Қазақстан облысы:
- Осинов асуында (46–66 км) ауа райына байланысты тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалыс шектелген.
Қазіргі таңда жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алу ұсынылады.









