«Ашық НҚА» порталында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сексеуіл кесуге тыйым салу туралы бұйрығының жобасы көпшілік талқылауына шығарылды....
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңа жыл қарсаңында медицина мекемелеріне жаңа санитарлық автокөліктердің кілтін салтанатты түрде табыстап, Сыр медицинасының ілгерілеуіне жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты....
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-академиялық драма театрында өткен салтанатты жиында әр саланың озаттарын марапаттады. Жыл бойы еңбегімен көзге түсіп, шәкірттері білім бәсекесінде топ жарған ұстаздарға 1 млн 035 мың теңгенің біржолғы қаржылай сыйақы сертификатын табыстады....
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жедел мәжілісте мереке күндері тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтердің үзіліссіз жұмыс істеу керектігі айтылды. Облыс әкімі жауапты басшыларға қоғамдық маңызы бар мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды....
Шаған ауылдық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Төрлет төрге, Жаңа жыл» тақырыбында жыл қорытындысына арналған салтанатты кеш өткізілді. Жыл үздіктері марапат төрінен көрінген мерекелік концертке Шаған ауылының әкімі Нұғыман Смайлов, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты....
Кент тұрғындары орталық алаңдағы бас шыршаның жағылу салтанатына куә болды. Аудан өнерпаздары ән айтып, би билеп, ертегі кейіпкерлерінің рөліне еніп, жиналған көпшілікке жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады....