Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады
9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.Көлік министрлігінің мәліметінше, №122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон – 1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады. Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді.
Қозғалыс күн ара жоспарланып отыр.
Фото: Жетісу облысы әкімдігі










