Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағандықтар жылды қорытындылады

Шағандықтар жылды қорытындылады

Шаған ауылдық әкімшілігінің ұйымдас­тыруы­мен «Төрлет төрге, Жаңа жыл» тақыры­бында жыл қорытындысына арналған салтанатты кеш өткізілді. Жыл үздіктері марапат төрінен көрінген мерекелік концертке Шаған ауылының әкімі Нұғыман Смайлов, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Жыл көлемінде  Шаған ауылында ілкімді істер атқарылды. Еңбек адамдары мен ауыл тұрғындары ескі жылды есіркеп, Жаңа жылдан зор үміт күтеді. Өз кезегінде  ауыл әкімі  Нұғыман Смайлов жергілікті халықты мерекемен құттықтап, жыл үздіктерін марапаттады.  

– Ардақты ауылдастар, қадірменді жерлестер Сіздерді «Жаңа жыл» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің ауылымыз үшін биыл  табысты жыл болғаны сөзсіз. Жыл сайын келер жылдан жақсы жаңалық күтіп, ел бірлігін сақтауда көпке ерекше үлгі көрсетейік. Барлық салада жетістіктер еселеніп, әрбір отбасында бақ-береке орнасын. Үлкендеріміз аман болып, жастарымыз елдің алды бола берсін. Алдағы  жылы жасалатын жұмыстар легі жеткілікті. Қашанда ауылдың тыныс-тіршілігін жақсартып, экономикалық тұрғыдан дамуға  жұмыс жасай береміз, – деді Н.Смайлов.

Салтанатты кеш барысында мұғалім, механизатор, кітапханашы, жаттықтырушы, аспазшы, әдіскер секілді сан түрлі сала мамандары жыл үздігі атанып, құрмет төрінен көрінді. Сонымен қатар ауылдың ұйытқысы болып отырған ардақты ардагерлер мен тазалыққа жауапты мамандар арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды. Бұл ретте, аудан мақтанышына айналған Динара Жәкешова, Ербол Медет секілді әншілер тыңдарман қауымға әсем әндерімен танылды. Ал Шаған ауылдық өнер мектебінің өнерпаздары күмбірлете күй төкті. 

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
30 желтоқсан 2023 ж. 163 0