Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі жыл табыспен қорытындыланды

Мерейлі жыл табыспен қорытындыланды

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев жыл қорытындысына байланысты жиын өткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, аймақ басшысының қолдауымен биылғы жыл табыспен қорытындыланғанын атаған аудан басшысы барлық салада жоспарлы жұмыстар атқарылғанын жеткізді. 2023 жылы өткізілген іс-шаралар Қызылорда облысының 85 жылдығы және Сырдария ауданның 95 жылдық мерейлі мерекесі аясында ұйымдастырылғанын атап көрсетті. Алдағы жылы да бірлесе еңбек етіп, ауданның қарқынды дамуына қызмет атқара беретіндеріне сенім білдіріп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Жиында аудан әкімі бірқатар азаматты мерекелік медальмен және Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының "Еңбек даңқы" төсбелгісімен марапаттады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов аудан халқының ауызбірлігімен жыл нәтижелі қорытындыланып отырғанын айтып, алдағы жылдың табысты болуына тілектестік білдірді.

31 желтоқсан 2023 ж. 246 0