Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » РОБОТОТЕХНИКА – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

РОБОТОТЕХНИКА – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ


Бүгінгі заман – робото­техни­каның қарышты дамыған кезеңі. Қазірде бұл экономиканы ілге­рілетуші салаға да айналған. Өйткені, барлық салада жаңаша көзқарас қалыптасып, тиімді технология қолданысқа еніп отыр. Оның ішінде, сандық технологияның соңғы үлгісі болған жасанды интеллект­ке сұраныс күннен-күнге артып келеді. Бүгінде дамыған мемлекеттерде адам жасайтын жұмысты роботтардың атқарып жатқанына көз де үй­ренгендей. Енді біршама уа­қыт өткен соң «құлтемірлер» қа­сы­мызда қатар жүрсе таң қалмайтын да шы­ғармыз. Осы тұста, әлемде жақсы дамыған робототехниканың тарихына үңіліп көрсек.
Негізінде, «робот» сөзін ең алғаш чех жазушысы К.Чапек ойлап шығарған. Ол алғашқы ұғымында «жұмысқа шебер адам» мағынасында қолданылды. Сол кезден бас­тап құлтемірлер адам тәрізді әрекет, қимылдар жасайтын машина, адам жүрісі мен қимылын айна-қатесіз қайталайтын автоматтандырылған кұрылғы болып саналады. Оның тарихында 1464 жылы Леонардо да Винчи 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құраған. Ал 1833 жылы Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны құрастырды. Бұл жобаға қатысқан Ада Ловелас – ең бірінші компьютерлік программист болып тарихқа енді.
ХХ ғасырдың бас кезінде Россумның әмбебап роботтары пайда болды. Бұл Карел Чапектың чех тіліндегі фантастика туындысы. Аталмыш туынды ағылшын тіліне «робот» ұғымын енгізді. Ал 1942 жылы ғылыми-фантастикалық мәнерде жазатын жазушы Айзек Азимов робототехниканың үш заңын ойлап табады. Ол заңдар жайлы сол жылы жазылған «Хоровод» әңгімесінде баяндаған. Атап айтқанда, бірінші, бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді. Екінші, бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын орындауға тиіс. Үшінші, бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Осы негізде, 1948 жылы Норберт Винер тәжірибелік робототехниканың негізін құрайтын кибернетиканың қағидаларын тұжырымдаған. Сол бойынша 1949 жылы Уильям Грей Уолтер «Тасбақа» деп аталатын алғашқы автономды роботты құрастырып шығарды. Роботтың түрі мен баяу қозғалуына байланысты «Тасбақа» деп аталыпты. Десе де, ең бірінші сандық басқаруы бар бағдарламалы робот «Unimate» болған. Ол робот ыстық темір бөлшектерді балқыту машинасынан көтеріп, жинауға арналған. Жалпы айтқанда, толығымен автономды роботтар XX ғасырдың екінші жартысында ғана пайда бола бастады. Міне, содан бергі уақытта робототехника саласына ерекше мән берген елдерде қарқынды дамып, бүгінде бұл сала экономиканың драйверіне айналып отыр.
Мәселен, робот жасау ісін айта қалсақ, ең алдымен күншығыс елдері ойға түседі. Бұл тұрғыда, жапондықтар, қытайлықтар, корейліктер адам таңғаларлық роботтар жасауда алдарына жан салмауда. Мысалы, жақында қытайдың мемлекеттік «Синхуа» ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды. Бұл жөнінде аталған агенттік хабарлады. Оның түр-әлпеті, мінез-құлқы адамды айнытпай салады. Жасанды интеллект арқасында ол «тірі» әріптестерінен үлгі алып, дами алады екен. Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтіпті. Келесі күні ол ресми түрде жұмысына кіріскен. Агенттік мәліметінше, дәл осындай екі диктор болады екен: олардың бірі ағылшын тілінде жаңалықтар оқыса, екіншісі қытай тілінде жаңалық жүргізеді екен. Синтезделген дауыспен қатарласатын осындай роботтар арқылы агенттік телеарнаға, сайттың және ұялы құрылғыларға жаңалықтарын жылдам дайындай алатын көрінеді. «Синхуа» өкілдері бұл технологияның мән-жайын әлі ұсынбаған. Алайда, жаңа роботтардың тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істей алатыны хабарланып отыр. Бұл дегеніңіз, қазірдің өзінен жасанды интеллект адам орынын басты деген сөз. Жақын болашақта адамдарға қарағанда жұмысты арзанырақ, жинақы және нық орындайтын құлтемірлер қатары көбеймек. Яки, кемел келешекте роботтардың рөлі ерекше болмақ.
Робототехника дамыған елдер тізбе­гінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания мемле­кеттері де бар. Бұл елдердің де робот жасау ісіне қосқан үлестері мол. Ал аталмыш сала Қазақстанда енді қарқын алып келеді. Алдыңғы мемлекеттерден әлдеқайда артта қалсақ та, жаңа салаға ерекше ден қойылуда. Қазақ баласының да жасанды инттеллект жасауға деген құлшынысы ерекше. Робототехника бойынша әлем елдерімен иық теңескенде мұның ел үшін септігі тимек.

Е.БЕРКІНБАЕВ

27 қараша 2018 ж. 15 563 63

LymanHal от 2 наурыз 2026 01:08
Опрятный вид создает первое мнение о человеке. Он работает на восприятие вас окружающими сразу. Хорошее самочувствие в подобранном луке повышает вашу уверенность. Этот подход демонстрирует ваш уровень профессионализма и внимание к мелочам. https://n3.mvmedia.ru/2I0E2cPh8ntB/ Посредством одежду вы можете выразить свою индивидуальность и стиль. Люди часто оценивают стильных людей как более компетентных. Поэтому, вложения в собственный стиль — это вклад в свое будущее.

7k_cykn от 14 наурыз 2026 00:07
Безопасные данные входа защищаются и могут автоматически подсказывать логин и пароль Получил первый выигрыш — играю на реальные деньги на [url=https://7k-casino-official1.buzz]7к казино кэшбэк — честно Живое казино обеспечивает real-time взаимодействие с крупье и динамику ставок

7k_ahEt от 14 наурыз 2026 19:02
Оперативная помощь службы поддержки и ясные инструкции по документации ускоряют процесс подтверждения аккаунта. Попробуйте 7к казино онлайн и выиграй крупный джекпот уже сегодня. Особое внимание уделяется безопасности и защите данных, что важно для доверия клиентов.