Бойжеткендердің бозбалалардан әлдеқайда ақылды екені анықталды
Ғалымдар алғаш рет соңғы 100 жылдың ішінде бозбалаларға қарағанда бойжеткендердің әлдеқайда ақылды болатындығын айтты.
«Соңғы 100 жыл ішінде әйел мен ер адамның ақыл парасат деңгейі өсіп келеді. Осы процесс барысында әйел адамда әлдеқайда ілгерілеу байқалады. Бұл - заманауи тұрмыс-тіршіліктің салдары», - дейді Жаңа Зеландия Отаго университетінің профессоры Джеймс Флинн.
Жаңа зерттеулерге сәйкес бойжеткен ми жасушасының 7%-ы жұмыс істегенде, бозбала миының тек 4-5% белсенділік танытады екен.
Әртүрлі мемлекет әйел мен ер адам арасындағы 40 айырмашылықты тапты. Бұл жерде мәселе сырт келбет пен физиологиялық айырмашылықта емес. Тек миларына қатысты айтылып жатыр.
Мысалы, орташа есеппен адам миының 5%-ы ғана жұмыс жасайды екен. Алайда әйелдердікі 7%-ға дейін жетеді. Мұнымен қатар, әйел адам миының оң жақ бөлігі белсенділік танытады. Осы қасиеттің арқасында шет тілдерін жылдам меңгеріп, эмоцияға жақын келеді.
Әйел адамдардың түйсігі өте жақсы дамыған. Бұл – миының ең басты ерекшелігі. Ер адамның миы қауқарсыз болған сәтте әйел адам миының осы ерекшелігінің арқасында кез келген мәселені оңай шешеді.
Әйел адамдар бейвербалды сигналдарды оқи алады. Басқаша айтқанда 6-сезімдері өте жақсы дамыған.
Әйел адамдар өте байқағыш келеді. Адамның көзіне қарап көп сырды ұғына алады. Әсіресе ана болу бақыты бұйырған жандардың түйсігі өте жақсы дамыған. Өйткені, олар бірнеше айға дейін сәбилер тілін сөзсіз түсінуге мәжбүр болады.
Ер адам ақпаратты жинақтауға бейім болса, әйел адам анализ жүргізуге құмар келеді. Осылайша бір-бірін толықтырып тұрады.
Пікір 2