Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒЫТЫНДАҒЫ БІР ЖЫЛ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒЫТЫНДАҒЫ БІР ЖЫЛ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толуына орай Астана қаласында өткізілген көрмеде қоғамдық сананы жаңғыртудың бағыттары, оларды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар нақтыланды.

Бағдарламаның негізгі жоба­ларының бірі – «Туған жер» арнайы жобасы. Аталған жобаның жыл ішінде жүзеге асырылу барысы жөнінде ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аймақ­тық ұйымдастыру бөлімінің мең­герушісі  Мақсат Мұқанов жан-жақты айтып берді.
Белгілі болғанындай, жоба ая­сын­да халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қолдау, жұмысқа орналастыруға жәрдем беру, тарихи-мәдени мұраларды қорғау, инфрақұрылымдық нысан­дарды жөндеу, мектептерді зама­науи жабдықтау бойынша ау­қымды іс-шаралар атқарылған. Атап айтқанда, өткен жылы меценат­тардың қолдауымен жалпы құны 51 млрд теңгеге 700-ге жуық нысан салынып, жөнделген. Бұл жұмысқа 1700-ден аса жомарт жан қатысса, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында қайырымды жандардан жиналған қаржы көлемі 4 млрд  теңгеге жуықтаған.  
Жоба аясында жастар үшін шеберлік сыныптары ұйымдас­тырылса, күрделі оталар да жа­сал­ған, инфрақұрылымдық нысан­дарды таныстырған «Туған жер» өңірлік форумдары өткізілген. Жиын­да Мақсат Мұқанов бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы да бағдарламадағы басым бағыттың бірі.  Ол шетелде қазақс­тандық мәдениетті дәріптеу бойын­ша жүйелі жұмыстарды орнық­тыруға бағытталған. Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова айтып берді.
– 2017 жылғы маңызды оқиға­лардың бірі – 17-19 қазанда Париж қаласында беделді халықаралық ұйым UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағ­дарламасы таныстырылымының өтуі. Таныстырылым аясында қазақс­тандық мәдениеттің әр­түр­лі бағыттарын шетелдік ауди­торияға көрсететін бірқатар іс-шаралар өткізілді. Сонымен бірге қазақстандық мәдениеттің жетістіктерін дәріптеу, үздік музыкалық шығармаларға цифрлық форматта жедел қолжеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Dalatunes жобасы іске асырылды. Өткен жылы 13 мың музыкалық шығарма, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккорд жүктелді. Өнер шығармаларын, сондай-ақ, мұражайлық қорларды цифрландыру бойынша да жүйелі жұмыстар басталды. «Театр зерт­ха­насы» бірегей жобасы іс­ке асырылуда, – деп атап өтті А.Райымқұлова.
Бағдарламадағы ірі жобаның бірі – «Қазақстанның киелі жер­лерінің географиясы»  жоба­сының жүзеге асырылу бағыты жөнінде ҚР Ұлттық музей «Қасиетті Қазақстан» орталығының жетек­шісі Берік Әбдіғалиұлы баяндады.
Оның айтуынша, аталған жоба елімізде бар қасиетті нысандарды жүйелендіру мен терең ғылыми зерттеуді бастауға мүмкіндік береді. Өткен жылы жүргізілген жұмыстар барысында жалпыұлттық және өңірлік маңыздағы нысандардың тізімі жасалып, жалпыұлттық маңыздағы 185 киелі нысан және жергілікті маңыздағы 463 нысан анықталған. Былтыр Солтүстік Қазақстан бағыты бойынша СҚО, Қостанай, Ақмола облыстарына, Орталық, Шығыс Қазақстан бағы­ты бойынша Павлодар, ШҚО, Батыс Қазақстан бағыты бойынша БҚО, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарына, Оңтүстік Қазақстан бойынша ОҚО, Жамбыл және Қызылорда облыстарының кие­лі нысандарына этномәдени экспе­дициясы ұйымдастырылған.
– «Қазақстанның 100 жаңа есі­мі» арнайы жобасы елдің дамуына үлес қосқан Қазақстан азаматтарын анықтау мен құрмет көрсетуге бағыт­талған жарқын имидждік іс-шара болды,– деп атап өтті жоба өкілі Махаббат Есен.
Жалпы, жобаның мақсаты – тәуелсіздік жылдарында ел дамуы­на елеулі үлес қосқан адамдардың табыстылығын, бәсекеге қабілет­тілігін олардың өмір тарихы ар­қылы жастарға насихаттау. Жобаға қатысу үшін 2 мыңнан аса қазақстандық өтінім берген. Сараптау тобының іріктеуінен кейін қоғамдық онлайн-дауыс беруге қызмет саласына сәйкес 6 санат бойынша 302 үміткер іріктелді. Осының негізінде 102 жеңімпаз анықталған. «Қазіргі уақытта жоба жеңімпаздары Елбасының бағдарламалық мақаласында нақ­ты­ланған құндылықтардың бел­­сенді таратушысы болып табы­лады»,– деді Махаббат Есен.
Бағдарламадағы әлеуметтік-гуманитарлық саладағы білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауға, гуманитарлық білім­дегі үздік әлемдік үлгілерді зерттеуге бағытталған маңызды жаһандық зерттеу жобасы – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы. Жиында жобаның жүзеге асырылу барысы жөнінде Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы әңгімеледі.
Жобаны іске асыру аясында үстіміздегі жылы 12 сәуірде философия, социология, антро­пология, психология және мәде­ниеттану саласында 18 іргелі еңбектің таныстырылымы өтті. Жобаны жүзеге асыру барысында үздік оқулықтарды аудару мен басып шығару құқығын алуға шетелдік жетекші баспалармен шарттар жасалған, зерттеу жұмыс­тарына 90-нан аса маман, «Болашақ» халықаралық стипен­диясының магистранттары, PhD докторлар, ғылым докторлары мен кандидаттары тартылған.
«Аударылған кітаптарды бар­­лық университеттер мен кітап­ханаларға тарату қарас­тырылған. Яғни, бұл мыңдаған студенттер мен магистранттарға қазақ тілінде әлемдік гуманитарлық ойлардың үздік үлгілерімен танысуға мүм­кіндік береді», деп атап өтті Рауан Кенжеханұлы.
Қазақ тілін латын қарпіне көшіру жөніндегі жобасы Елбасы ұсынған маңызды стратегиялық бастама екені белгілі. Үстіміздегі жылы наурыз айында Үкімет 2025 жылға дейін қазақ тілінің латын қарпіндегі әліпбиге кезең кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Шарада сонымен бірге «Мәде­ниет порталы» жобасының дирек­торы Бауыржан Қарағызұлы  пор­тал қызметін таныстырды.
«Мәдениет порталы» – еліміздің мәдени  мұрасын заңды түрде бір жерге жинақтайтын және тұрақты түрде насихаттайтын ағартушылық бағыттағы, қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі ең ірі мәдени платформа.  Сондай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалық мақа­ласындағы барлық тармақтар бойын­ша жүзеге асып жатқан мәдени іс-шараларды көрсететін, энциклопедиялық түрде қызмет атқаратын мәдени әлем. Белгілі болғанындай, онда бағдарламалық мақаладағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағыт­талған негізгі арналарға «Рухани жаңғыру» бөлімі арқылы жеке-жеке айдарлар ашылған. Тағы бір ерекшелігі, әр автордың (ақын, жазушы, айтыскер, журналист, фотограф, ғалым, суретші, күйші, әнші, биші, мүсінші, сатирик, сыншы, музыкант, тағы басқа) арнайы парақшасы бар және олардың шығармашылығына қа­тысты барлық деректер топ­тас­­тырылған. Әр авторға өз шығармашылығын ұдайы дамыту мақсатында мәдени блог жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.
Қазіргі уақытта үш тілде 5324 автордың жеке парақшасы және оларға қатысты ақпараттық мате­риалдар, электронды кітаптар, аудиокітаптар, әндер, күйлер, виде­олар мен сирек фотосуреттер жинақталған.
«Мәдениет порталы» – тек мәдени ресурстардың қазаны ғана емес, сонымен бірге, елі­міздегі барлық театр, музей, кітапханалардың басын бір жерге қосқан бірегей коммуникациялық мәдени алаң»деп атап өтті Б.Қарағызұлы.
Жиыннан соң қатысушылар бағдарламалық мақалада нақты­ланған жобалар бойынша арнайы әзір­ленген көрме жұмысымен та­нысты. Шара барысында баян­далған жұмыстар стенд арқылы экраннан көрсетілді.
Онан соң шараның келесі бөлігінде Рухани жаңғыру бас жобалық кеңсесінің  аймақтардағы өкілдерінің қатысуымен басқосу өтті. Онда аталған жобаларды жүзеге асыру аясында атқарылатын жұмыстар жоспарланып, нақты міндеттер қойылды.
Жиынға қатысқан   облыстағы «Рухани жаңғыру» орталығының «Атамекен және ақпарат толқыны» бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Әшірбековамен пікірлескен едік:
– Көрмеге барлық аймақтан атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жинақталған. Бағдар­ламаның алты арнайы жобасы бойынша өте көп жұмыстар жа­салды. Бағдарламаны жүзеге асы­ру жобалық офистер арқылы орындалуда. Қазіргі таңда төрт кіші бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алда жасалатын жұмыстар бұдан да ауқымды. Рухани жаңғыру дегеніміз – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи үлгіде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеу. Ал сананы жаңғырту барлық салаға байланысты. Әрбір азамат өз туған жерін өркендетуді мақсат етіп, үлес қосса елдегі әлеуметтік мәселелер де шешімін табар еді.
Біздің аймақта ондай жанашыр жандар өте көп. Мысалы, бірі туған ауылына 13 мың түп алма ағашын отырғызса, енді бірі спорт кешенін салып берген. Тағы бір азамат ауданның жетістіктері жайлы портреттік очерктер жинағын өз қаржысынан шығарып, таратуда. Осы мысалдардың бәрі қоғамдық сананың жаңғыру мысалдары бола алады. «Рухани жаңғыру»  –  Елбасы бақылауындағы бағдар­лама. Сондықтан бұл бағыттағы арнайы жобалар мен кіші бағ­дарлама аясындағы шаралар әлі де жалғасын табатын болады. Ең бастысы, ұйымдастырылған шарадан қатысушы өзіне қажетін алып, ой түйіп қайтса, біз жеткен жетістік болар еді, – дейді Гүлмира Әшірбекова.
Шараны қорытындылаған ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева жаңғыртудың барлық бағыттарын іске асыру ғылыми-сараптау қоғамын, азаматтық қоғам өкілдерін, жастарды бел­сенді тарту арқылы өтетінін тілге тиек етті және бағдарламаны жүзеге асыруда, насихаттауда, түсін­діруде ғалымдар мен тиісті сала мамандарына, БАҚ өкілдеріне алғысын айтты.

Айнұр БАТТАЛОВА,
«Сыр бойы».
Қызылорда – Астана – Қызылорда.
17 сәуір 2018 ж. 5 886 684

canadian pharmacy cialis cheap от 21 қаңтар 2023 04:54

reliable mexican pharmacies от 22 қаңтар 2023 02:00

best canadian pharmacy от 9 ақпан 2023 18:23

canada drug stores от 24 ақпан 2023 16:18

non prescription от 10 наурыз 2023 01:54

online drug от 11 наурыз 2023 04:02

online drugs от 13 наурыз 2023 21:01

order drugs online от 3 сәуір 2023 10:48

canadian prescriptions от 4 мамыр 2023 07:26

canadian world pharmacy от 5 мамыр 2023 23:08

mexican pharmacy drugs от 6 мамыр 2023 03:15