ЖАНАР ХАМИТОВА САХНАДАН ҚАЙТА КЕТЕТІН БОЛДЫ

«Күнде күйеуіммен айырылысып жатқан жоқпын. Депрессия бар. Біз Сивимен доспыз. Одан бөлек мен кішкене күш-қуат жинауым керек. Бізде келісімшарт та болған жоқ. Жұмысты тоқтату туралы бірге шешім қабылдадық. Мен әлі де болса сахнаға шығуға қорқамын. Қобалжу да бар. Мен негізі үйдің адамымын. Тыныштықты жақсы көремін. Балаларды көбірек ойлайсың. Денсаулықты күту керек. Ал Әбубәкірмен жақсы қарым-қатынастамыз. Ол хабарласты, екеуміз сөйлестік. Шығармашылық, өнер жолы қыз балаға өте ауыр. Әсіресе мен қазір жалғыз қалдым. Қазір денсаулығыммен жұмыс істегім келеді. Психологпен жұмыс істемекпін. Жүйкем тозды»-дейді әнші.