Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин «Канеломен» үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады

Головкин «Канеломен» үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин No Puedes Jugar Boxeo Youtube-каналына берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен үшінші айқас туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

- Олар үшінші айқасты өткізу үшін белбеу керек деп жатыр. Бұл туралы не ойлайсың? - Біріншіден, мен барлық жанкүйерлер секілді үшінші айқас өткізіп, осы уақытта, біздің заманымызда бокс мансабының биік шыңына шыққым келеді... Маған айқас өткізу үшін белбеу керек деп жатқан болса - бұл жөнсіздік дер едім...

Дегенмен, байқап көреміз, осы бойынша жұмыс істейміз. Еске салайық, Головкин  мен «Канело» бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауысымен «Канело» жеңіске жеткен болатын. 

20 мамыр 2019 ж. 537 0