Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қайрат Нұртас Шымкенттің "Құрметті азаматы" атанды

Қайрат Нұртас Шымкенттің "Құрметті азаматы" атанды

Шымкенттің "Құрметті азаматтарының" қатары 10 адамға көбейді. Қалалық мәслихатының кезектен тыс елуінші сессиясында мегаполистің бірнеше тұрғынына мәртебелі атақ беру туралы шешімді депутатар бірауыздан қабылдады. Олардың қатарында әнші Қайрат Нұртас та бар деп хабарлайды Отырар арнасы.

Әртістен бөлек, атаққа Рәшкүл Оспанәлиева, Қайрат Молдасейітов, Еркін Сатқанбаев, Наталья Романова ие болды.
Айта кетейік, "Құрметті азамат" жылына салтанатты түрде 10 адамға ғана беріледі.

Осындай мәртебеге ие болғандар қоғамдық көлікте тегін қатынайды және олардың есімдері арнайы аллеяда тақтайшаға ілінеді.

Басылымның жазуынша, Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болған соң, депутаттар осы атаққа ие болатындардың санын аздап көбейтуді жоспарлып отыр.

"Тұрақты комиссияның отырысында депутаттардан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары сияқты 20 адамға жеткізейік деген ұсыныс түсті", - деді Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев.

kaz.nur.kz

19 маусым 2019 ж. 838 0