Геннадий Головкин Қарағанды облысының Құрметті азаматы атанды
Орта салмақта жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге елге сіңірген еңбегі үшін «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Головкинді Қарағанды облыстық мәслихатының XIII сессиясында депутаттар бірауыздан қолдады. Депутаттар «Облыстың Құрметті азаматы» атағын беру азаматтың елге сіңірген көпжылдық еңбегі мен ерекше қабілетін, белсенділігі мен жауапкершілігін көпшіліктің мойындағандығын білдіреді»-деді. Аталмыш атақ сонымен қатар азаматтардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін ұлықтап, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм үлгісінде тәрбиелеуді көздейді. Геннадий Головкин ешқашан жеңіліп көрмеген кәсіби боксшы, ол орта салмақта өнер көрсетеді. 2003 жылы ол әуесқой боксшылар арасында әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы атанды. 38 кездесу өткізіп, оның 37-ін жеңіспен аяқтады. Тек біреуінде ғана қарсыласымен тең түсті. «WBC World Champion» (орта салмақ), WBA Super World Champion (орта салмақ), IBF World Champion «орта салмақ), IBO World Champion (орта салмақ) атақтарының иегері.
http://www.inform.kz/kz