Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Тонның ішкі бауындай": Жұлдыз Әбдікәрімова ұлдары туралы естелігін бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті

"Тонның ішкі бауындай": Жұлдыз Әбдікәрімова ұлдары туралы естелігін бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті

Жұлдыз Әбдікәрімова ұлдары туралы естелігін бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бала тәрбиесі туралы жиі жазатын Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлдарының бір-біріне деген сыйластығы жайлы жазба қалдырды. Үлкен ұлының Алладан тілеп, ойша елестетіп жүріп інілі болғанын да айтып берді. Осылайша ол бауыр десе ішкен асын жерге қоятын балалары туралы айтып мақтанды.

""Бауыр" деген сөздің мағынасы терең, жылуы мол ғой, шіркін! Екі ұлымның арақатынасына қарап, шүкір деймін! Тонның ішкі бауындай, бір-бірін іздеп тұрады. Нарұл 3-ке толғанда «жігіт болдым, маған­ бөлек төсек салып бер»,- деді. Ұлымның сө­зіне бала деп қарасам да, өтінішін жерге­ тастамадым. Бірге төсек жапқыштарын таң­дап, ұлымды жеке жатқыздым. Бірнеше күн ­өткен соң маған: «Қыздар неге екеу, мен­ неге жалғызбын» деп, іні керектігін айт­а бастады. Ішімді сипап, сүйіп, Абылайха­н деп сөйлесе бастады", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Өзі кішкентай болса да, анасының құрсағында жатқан бауырын уайымдап, шыр-пыр болып, өзінше қорғауға тырысып жүретін үлкен ұлының қамқорлығын да жазды өнер иесі. Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлының сұрауымен екінші ұлы дүниеге келгенін жасырмады. Ал қазір ағалы-інілі екеуі бір-бірін қатты жақсы көретін сыңайлы.

"Періште әумин деді­ ме содан кейін тағы көтердім. Ішім шыға бастағанда Нарұл­дың қуанышында шек болмады. Күніне бірне­ше мәрте сөйлеседі. Тамақ пісіріп жатсам­, «Оған ыстық. Күйіп қалмасын» деп ішімд­і алақанымен қорғап тұрады. «Абылайхан т­амақ жеді ме, ол қалай жейді, оған қалай­ барады?» деп түрлі сұрақ қоятын. 3 жаст­а болса да іштегі балаға ас кіндік арқыл­ы баратынын түсіндіретінмін. ­Босанар уақытым жақындағанда отырып-тұрғ­ан сайын «Анашым, абайлашы» деп өбектеп ­тұратын.Сөйтіп Хан дүниеге келді. Құрсағымда жатқаннан басталған әңгімелері әлі жарасып келеді", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
29 мамыр 2019 ж. 1 017 0