"Сені танымасам да, жақсы көремін": Өзін тастап кеткен анасын іздеген қыз жұрттың жүрегін елжіретті
14 жастағы Джессика өзін асырап алған отбасында тұрып жатыр. Алайда ол соңғы уақытта белсенді түрде туған анасын іздеп жүр. Сондай-ақ, ол өзін тастап кеткен анасына еш реніші жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror сайтына сілтеме жасап.
Анасы Джессиканы босанғанына 8 сағат өткеннен кейін тастап кеткен. Әйел сәбиді орамалға орап, түн ортасында Сиднейдегі клиникалардың біріне қалдырады. Австралия полициясы бейтаныс әйелді іздеп табуға тырысқанымен, оны таба алмады.