Өсіп кеткен: Қайрат Нұртастың биылғы гонорары белгілі болды

Өткен жылғы мәліметтерге сүйенсек, әнші биылға дейін 7 мың долларға тойда ән айтқан. Ал биылғы жылы гонорары 9 мың долларға жетіпті.
Бағдарлама жүргізушісі Қайрат Нұртастың көмекшісінен жазда өз тойына шақыру үшін қанша ақша талап ететінін сұраған.
"Әзірге ол күн бос. 9 мың доллар. Сондай-ақ, қонақ үй мен ұшақ билеттерін де аласыздар. Ұшаққа бір эконом және бір бизнес билет аласыздар. Сіздерге чек беру үшін, ДК-дің 3% пайызды да сіздер төлейсіздер", - дейді әншінің Саида есімді көмекшісі.