Отандық жұлдыздар корпоративтік кештерден қанша табады?
Ресейлік әнші София Ротару Жаңа жыл түні Қазақстанға келеді. Ол мерекелік кешке қатысқаны үшін 85 миллион теңге алады деген ақпарат бірнеше сағат ішінде Ресей және Қазақстан ақпарат кеңестігінде тарап үлгерді.
Өнер иесінің гонорары мерекелік кеш үшін екі есеге бір-ақ өскен. Ротарудың концерттік директоры Сергей Лавровтың айтуынша, әртіс барған құрбандығына сәйкес бағасын өсіреді.
“Қазақстанға шақырту түссе, сәйкесінше баға екі есеге өседі. Кез келген әртіс Жаңа жыл түнінде басқа өңірге жолға шықса, ақысын екі есеге өсіреді. Неге десеңіз, мәселен, әртіс Мәскеуде екі-үш кешке қатысып, қосымша мерекені отбасымен бірге қарсы ала алады”, – дейді ол.
Алайда кейіннен Ротарудың Қазақстанға келмейтіні анықталды. Ал бұл аралықта қазақстандық жұлдыздар корпоративтерге қызу дайындалып жатыр.
“Жаңа жылға бір ай қалған уақыттан бастап біз мерекелік іс-шаралардан қалмаймыз”, – дейді Қайрат Баекенов.
“Кез келген әртіс мереке кезінде, Жаңа жыл болсын, басқа болсын, елдің алдында жүруі тиіс”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.
Ерке Есмаханды корпоративтік кешке шақыру үшін 15 мың долларыңыз болуы қажет. Басы даудан арылмайтын Төреғали бұл тізімде екінші орында. Оның құны – 8 мың доллар. Мақпал Исабекованың гонорары да Төрештікімен бірдей. Жанар Дұғалова болса 7 мың долларға өнер көрсетуге дайын. Ал қашан да әріптестерінен оқ бойы озық тұратын Қайрат Нұртас биыл 5 мың долларға өнер көрсетуге келіседі екен.
“Біздің жұлдыздарды осындай ақшаға шақырып үлгерсе, демек олар соған лайық”, – дейді “Қазақконцерт” ұйымының басшысы Жеңіс Сейдолла.
stan.kz