Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дәстүрлі ән байқауы

Дәстүрлі ән байқауы


Кент мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Нағыз қазақ – домбыра» атты домбырамен ән салушылардың аудандық байқауы өткізілді.
Сан ғасырдың сарынын сыңғыр үнімен жеткізген қазақтың қасиетті қара домбырасы – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен домбыра, – деген ән жолдарында қазаққа тән сырлы аспаптың сипаттамасы толық берілген.
Домбырамен ән айту – дәстүрлі әншілер байқауына кент пен ауылдардан 8 талапкер қатысып, өзара бақ сынасты. Қасиетті ұлттық мұраны үкілеп, дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан өнерпаздар дәстүрлі өнердің дәрежесін биіктетті.
Сайыс қорытындысында Н.Ильясов ауылынан қатысқан өнерпаз Ботагөз Қалиасқарова бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды шіркейлілік Орынбасар Тәңірбергенов иемденсе, екінші орынды кент мәдениет үйінен Ербол Сағымбайұлы еншіледі. Ал үшінші орынды кент клубынан қатысушы Жанар Күзембаева мен қоғалыкөлдік Жалғас Накипов өзара бөлісті. Жеңімпаздар дипломдарға ие болса, барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
20 сәуір 2019 ж. 1 647 0