Концерті аяқталған Мадина Сәдуақасовамен жұрт қимай қоштасты

Өз табынушыларымен концерт соңында тілдескен Сәдуақасова ән кешінің ерекше сәтін өзінің Instagram парақшасында жариялап қойған.
Желіде тараған видеода өнер иесінің өз тыңдармандарымен кезек-кезек суретке түсіп, біраз әңгімелескені көрініс тапты.
Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген әнші оларға шексіз алғысын білдірген.
Бейнежазбадан концертке жиылған жұртшылықтың Мадинамен қимай қоштасқанын аңғаруға болады.