Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 103 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯДАН АЛҒЫС АЛҒАН ӘНШІГЕ ЖҰРТ РИЗА БОЛДЫ

103 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯДАН АЛҒЫС АЛҒАН ӘНШІГЕ ЖҰРТ РИЗА БОЛДЫ


Отандық танымал әнші Ұшқын Жамалбек жасы 103-ке келген қарт әжейдің батасын алып, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді деп жазады NUR.KZ.
Әнші Оралдағы қариямен кездесу жайлы өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.
"Оралдағы 103-ке келген апаның үйіне барып, жағдайын сұрап, батасын алып қайттым.
"Жаман болмайсың" дейді. Елдің айнасы қариялар аман болсын", - деді әнші.
Ал желі қолданушылары "Сізге осы апаның жасын берсін", "Батамен ел көгерер" дейді. Аман болыңыз", "Жарайсыз. Үлкендердің алғысын алғанға не жетсін", - деп пікір білдірді.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Жазира мен Жанболат та 97 жасқа келген әжесін көпшілікке көрсеткен болатын.
Талай қиындықты бастан өткерген қарияны оқырмандар жылы қабылдап, әжеге ұзақ ғұмыр тіледі
02 қазан 2018 ж. 1 466 0