Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ДИМАШ КРЕМЛЬДЕ ӘН ШЫРҚАДЫ

ДИМАШ КРЕМЛЬДЕ ӘН ШЫРҚАДЫ

Қазақстандық әнші "Любовь уставших лебедей" әнін орындады. Димаш Құдайберген 10 қарашада Мәскеуге ұшып келді, ол Ресейдің құқық қорғау органдары қызметкерлері күніне арналған концертке қатысты. 24 жастағы әнші Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен ән айтып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің сайтына сілтеме жасап.
"Любовь уставших лебедей" әні бірнеше жыл бұрын жазылған. Оны алғаш рет канадалық әнші Лара Фабиан орындады. Әннің сөзінің авторы – Михаил Гуцериев, музыкасын Игор Крутой жазған. 
2018 жылдың қыркүйегінде Димаш Құдайберген Сочиде "Новая волна" байқауында қонақ ретінде және А-Студио тобының отыз жылдығына арналған концертте  өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Димаш Қытайда көп концерт қояды.
Еске сала кетейік, 19 қарашада Лондонда әншінің DQ шоуы өтеді.
https://www.youtube.com/watch?v=EkQPTx_2wro&list=RDQmRlUpbT-WM&index=3
13 қараша 2018 ж. 1 429 0