Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Лайықты қыз болса": Жазира Байырбекова ер жеткен ұлына келіншек іздеуге кірісті

"Лайықты қыз болса": Жазира Байырбекова ер жеткен ұлына келіншек іздеуге кірісті


Былтыр болашақ келіні мен одан алған сыйлығын елге көрсеткен Жазира Байырбекованың қуанышы ұзаққа созылмаған секілді. Ене болуға асығып жүрген әнші ер жеткен ұлының жалғыз жүргеніне алаңдаулы. Ол Қазбегім тезірек теңін тауып, маған келін сыйласа деген үмітпен жүр, деп жазады Stan.kz.

Жанболат пен Жазираның жалғыз атұстары бар екенін жұрт біледі. Жоғары оқу орнын бітіріп үлгерген Қазбек бүгінде ата-анасының бар шаруасына жауап беретін директоры. 
Алайда бой десе бойы, ой десе ойы бар жігіттің сүйген қызы жоқ секілді. Бұл орайда Байырбекова тізгінді өз қолына алып, ұлына келіншек іздеуге білек-сыбана кірісті. 
"Қазбек жалғыз өскен жоқ. Әлі күнге дейін ұлым, күйеуім үшеуміз ғана тұрып көрген емеспіз. Жәкең екеуміз де көпбалалы отбасынан шыққан соң бауырларымыз, олардың бала-шағалары үйімізде тұрып келеді.
Айтайын дегенім Қазекем (әзірге) жалғыз перзент болса да ерке емес. Сабырлы, адал, ақылды. Мен бүгінде осы жігіттен үлгі аламын, арқа сүйеймін. Кейде маған қамқорлық көрсетіп жүргенде менің ағам, әкем сияқты болып кетеді. "Өзің сияқты жаны таза, адал, кішіпейіл, иманды қыз табылса биыл үйленші. Көбейейік"- дегем. Жымиып қойып үндемей жүр. Соған қарағанда қызы жоқ-ау деймін.
Жақсы, лайықты басы бос қыз болса парақшасын белгілеңіздерші. Қазекеме көрсетейін", - дейді Байырбекова. 
Әншінің бұл ұсынысын желідегілер қызу талқыға салып, лайықты деген үміткерлерді белгіледі. 
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
14 ақпан 2019 ж. 1 559 0