Қорқақ жігіт жақындамасын: Ерке Есмахан болашақ жарына қоятын талаптарын атады
Әр әнінде болашақ жарын іздейтін Ерке Есмахан оны фильмнен тапты. Жақында ғана көрерменге жол тартқан “Махаббат кафесі” кинокартинасында Еркенің махаббатын актер Шәріп Серік сомдаған. 25 күн бойы Еркемен бір алаңда жұмыс істеген актер шын мәнінде Еркеге ғашық болып қалған ұқсайды.
“Ол махаббат әлі күнге дейін сөнген жоқ. Фильм барысында, оған дейін де кейін де, ол махаббат енді өмір бақи өшпейді.
Керемет адам болғаннан кейін, көңілі ашық, ойы, рухы тап-таза. Менің ойымша, фильмде жақсы ойнады. Бұл тек қана менің көзқарасым. Халық өзі айта жатар”, – дейді Шәріп Серік фильмдегі Еркемен ойыны жайлы.
Ал Ерке әнші түсірілім алаңындағы әріптесінің бұл ойынан хабарсыз секілді. Ол болашақ жарын кездестірмегенін, әлі де үмітін үзбейтінін айтады.
“Жалғыз қалып ойланатын кезім болады. Өзімнің қателігім бар ма, өзімнің бір жерім дұрыс емес па, әлде қанағат қылмай жатырмын ба деп ойлаймын. Қазіргі заманда бір-біріне үйлесімділік табу өте қиын деп ойлаймын. Өйткені қазір бәрі білгіш, ақылды, бәрі өз-өзімен, ешкім ешкімге мойынсұнғысы келмейді. Бірақ қыз бала ретінде әрқашан да ер адамды сыйлаймын. Ер адамнан екі елі төмен екенімді әрқашан да білемін. Сондықтан да әлі мүмкін кездестірмеген шығармын. Алла Тағала бәрін үйіп бергенімен, бір жерін ұстап қалуы мүмкін ғой. Маған осылай сынақ шығар. Өзімнің адамымды кездестіремін және де бақытты боламын. Мен оған сенімдімін. Қорқатын жігіт басынан жақындамаса, маған ондай керек емес. Маған батыл, өзінің көңілін білдіре алатын, қандай нәрсеге де дайын адам керек”, – дейді Ерке Есмахан.
Еркенің айтуынша, шын жақсы көрген адам оның бұрынғы өміріне қарамайды. Тіпті, бауыр еті баласын қабылдайды.
“Ешқашан да бала кедергі болмаған ғой. Ол мені жақсы көрсе, ұлымды да жақсы көреді деп ойлаймын. Мен баламның барын жасырып, одан кейін барып білетіндей емес. Егер маған сөз салып, менімен бірге болғысы келсе, ол басынан бастап менің тағдырымды біледі. Өйткені менің өмірім халықтың алдында өтіп жатыр. Сондықтан да бұл жерде бірдеңені білмей келіп, артынан түсінбей деген жоқ. Бәрі бір-бірімен үйлесімділік табу керек. Сол үшін де көп іздеп жүрмін”, – дейді Ерке.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.