Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 23 жасында 6 баланың анасы атанған келіншектің әңгімесі

23 жасында 6 баланың анасы атанған келіншектің әңгімесі


Алматы облысының тұрғыны Гүлнұр Оразкеева небәрі 23 жасында алты баланың анасы атанып отыр. Әйел адам тұрмысқа 16 жасында шығып, жыл сайын нәрестелі болып отырған.
NUR.KZ. хабарлағандай, «Ана мен бала» бағдарламасына келген көпбалалы ана өзінің өмір хикаясымен қалың көпшілікпен бөліскен.
Бағдарлама аясында ол 16 жасында тұрмысқа шыққанын айтты. 17-ге тола сала алғашқы перзентін дүниеге әкелген. Артынша жыл сайын бір баланы босанып отырған келіншек 23 жасқа келгенде алты баланың анасы болатынын ойламаған да.
«16 жасымда сүйіктім алып қашып кеткен де үй-ішім толығымен қарсы болды. Ол кезде ол 18 жаста болатын. Алайда, күйеуім екеуміз бір-бірімізді сүйетінімізд көрген олар, өз келісімін берді. Бірақ дегенмен 23 жасқа толғанда менің алты балам болады деп мен үш ұйықтап тұрсам да ойламаппын» , — деп ағынан жарылды Гүлнұр.
Гүлнұр Оразкееваның анасы оны 23 жасында босанып, алғашқы перзентін бауырына басса, қызы 23-ке толғанда алты баланың анасы болды. Бұл жайт анасын қатты таңғалдырады. «Құдайға шүкір, жалғыз қыздан алты бірдей немере сүйіп отырмын», — деп айтты көп немерелі әже.
Гүлнұр Оразкеева бүгінде күміс алқа иесі, бірақ балаларды алтын алқа алу оның мақсаты емес. Ол әрбір баласын жоғарыдан берілген сый деп қабылдайды. «Көп баланы асырау, әрине, қиын. Бірақ әр перзенттің өз несібесі болады. Олар Алланың нағыз сыйы. Бұйырып жатса тағы да перзенттерді өмірге алып келемін», — деп айтты ол.
Жастайынан отбасылық өмірге кіріп кеткен әйелдің бүгінде жоғарғы білімі жоқ. Алайда, келіншек болашақта бәрін қолға алатынын айтты. «Оқуды міндетті түрде оқимын. Болашаққа жоспарда ол бар. Бірақ ол үшін бүлдіршіндерім кішкене өсіп қалуы керек», деп қорытындылады көпбалалы ана.
27 маусым 2018 ж. 1 584 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 21:32
Exercices A Durer Plus Longtemps Coumadin And Keflex cheapest cialis 20mg Cialis Und Kopfschmerzen Zithromax Guide Pharmacie Cialis Levitra Viagra

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 15:02
Kamagra Sans Ordonnance Baclofene Fda buy generic cialis Viagra Acelera El Corazon Whats Amoxicillin Clavulanate For Amoxicillin Differs From Ampicillin