10 МЫҢ ВОЛТТІ ТОҚҚА ТҮСІП, АМАН ҚАЛҒАН БАЛА
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында 9 жасар бала 10 мың вольтті трансформаторға түскен. Соның кесірінен Дамир Фаткулин екі қолынан айырылған. Қатты күйіктен оның қабырғасына, тізесіне, аяғының бақайларына екінші рет ота жасалған. Әлі үшінші ота бар. Одан кейінгі емі де ұзаққа созылмақ. Қазір Дамир Облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Ал анасының бар арманы – ұлына ота жасатып, бионикалық қол салдыру. Ондай операция көп қаражат қажет етеді. Ендігі мақсат – қаражат жинау.
Оқиға қалай болған?
Оқиға 5 қазан күні Шалқарда болған. №2 мектеп-гимназияның ауласында 10 мың вольтті трансформатор үйшігі тұрған. Анасының айтуынша, Дамир таңертең сабаққа кеткен. 35 минуттық сабағы бітіп, тоғыз жарымда үйге барған. Тамағын ішіп болған соң, әкесінен әжетханаға барып келуге сұранып, далаға шығып кеткен. «Сөйтсек, үйдің жанында тұратын кластас баламен мектеп жаққа қайтып барған. Негізі, ол баланың анасы темір-терсек жинайтын. Содан екеуі трансформатордың жанына барып, оның астына түсетін тесікке кірмей, екінші қабатқа көтерілген. Сөйтіп, тастары үгітіліп жатқан жерден кіріп, тұра бергенде Дамир жанында тұрған темірді ұстап қалған. Тоқ соққаннан әлгі жерде қатып қалған. Ал қасындағы бала астынан түсіп кетіп, үйге барып, жолдасыма айтқан. Олар келгенше, жарты сағаттай уақыт өтіп кеткен» деді Дамирдің анасың Гүлмира.
Дамирдің жағдайы
– Тоқ тек баламның денесін ғана емес, бүкіл ағзасына зияны тиген. Қазір іш құрылысын емдеп жатыр. Бастапқады балам өзін-өзі ұстай алмады. «Қолым қайда?» деп шыңғырып, айқайлап сұрай берді, – дейді Гүлмира Фаткулина. Дамирдің екі қолын сол күні-ақ алып тастаған. Екінші отасы – 29 қазанда болған. Енді үшіншісі жасалуы керек. 10 мың вольтті тоққа түсіп, аман қалып, әп-сәтте екі қолынан айырылатынын кім білген?! Дамир болса әлі де бұған сенер емес. Гүлмираның айтуынша, баласына психологтарды да шақырған. Бірақ бәрі одан бас тартқан. «Жағдайымызға бей-жай қарамай, жаны ашитындың бірі Айбек деген психологті тауып әкелді. Ол ұлыммен сөйлесіп, оны алдағы операцияларға моральді тұрғыда дайындады» деді ол.
Гүлмираның өкпесі
Фаткулиндар отбасы – көпбалалы. Олардың бір ғана табыс көзі – жәрдемақы. Оның өзі аз-ақ қана, 15 мың теңге. Үйдің отағасы Шалқарда. Отбасында баспана да жоқ. Жұмыс істеп жүрген жалғыз ғана адам – Гүлмира. Оның өзі жұмысына бармай, ұлының қасында отыр. Оған қоса, кішкентай егіз қызы да сырқаттанып қалған екен. Осындай қиындыққа қарамастан, Гүлмираның үмітін үзбеген. «Жақында ғана бионикалық қол жасауға болатынын естідім. Енді соған қажетті ақшаны жинасам деймін» деп, баласы үшін жамасы келгенше күресетінін көрсетіп отыр. Бір ғана өкініші бар. – Жергілікті «Энергожүйесінен» не облыстық, не шалқар аудандық әкімшілігінен бір адам келіп, ұлымның хал-жағдайын сұрап, білген емес. Әйтеуір, мектеп директоры қолынан келгенше көмектесіп отыр. Тым болмағанда күнделікті хабарласып, Дамирдің халін біліп отырады, – дейді Гүлмира Фаткулина. Айтуынша, бұл қасіретті естіген көпшілік ескерусіз қалдырмады. Бірі ауруханаға келіп, тамағын әкеп берсе, енді бірі – қаржылай, ендігісі – киім-кешекпен көмектесуде. Тіпті кейбірі ұялы телефонына бірлік салып та жібереді. «Бір жеңнен қол шығарып жатқан» халыққа Гүлмира шексіз риза.
Қол ұшын беріп, көмектесеміз десеңіздер Дамирдің анасының реквизиті: Фаткулина Гульмира НАЙЛЬЕВНА карточка номері: KZ158562204105486783 ИИН: 781116403025 Банк: ОА «Банк центр кредит» БИК банка: KCJBKZKX Каспий голд: 51 69 49 31 47 47 78 74
Анар ҚОНЫС
aikyn.kz
Пікір 2