Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ЖАЗУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

ЖАЗУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ


Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Бегімбай Ұзақбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Қоңыр үнді қаламгер» атты шығармашылық кеш ұйымдастырды.
Шара барысында жазушының өмір жолына арналған бейне-ролик көрсетіліп, шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Келген қонақтар Бегімбай Ұзақбаевтың шығармаларының шұрайлы тілі, өзіндік жазу шеберлігі туралы өз пікірлерімен бөлісті, қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.
Айта кетейік, көркемдік әлеміне шығармашылығымен сара жол салған Бегімбай Ұзақбайұлының бүгінгі таңда «Жалаңтөс баһадүр», «Қарабура», «Сопы әзиз пір», «Марал баба», «Сартай батыр», «Байқазақ», «Алдаспандар рухы» тарихи романдарымен бірге 17 прозалық кітабы, 21 әдеби көркем деректі повестері, 67 әңгімелер мен хикаялар және 27 ертегі жарық көрген. Қаламгердің көптеген туындылары республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Еліміздің дамып, өркендеуіне, ел ынтымағының нығаюына көркем шығармашылығымен үлес қосқаны үшін жазушы «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» медальдарымен және Халықаралық Жазушылар одағының «М.А.Шолохов» медалімен марапатталды. Арал және Қазалы аудандарының «Құрметті азаматы».
24 қазан 2018 ж. 1 213 0