Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақстандық 13 жасар әнші Италияның белді сыйлығына ие болды

Қазақстандық 13 жасар әнші Италияның белді сыйлығына ие болды


Қазақстандық 13 жасар қыз Италияның «Premio Mia Martini» атты белді вокалдық сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Premio Mia Martini» вокалдық байқауы италиялық атақты әнші Миа Мартинидің құрметіне 1995 жылдан бері оның туған қаласы Баньярада өткізіліп келеді. Конкурс 4 кезеңнен тұрады: кастинг, жартылай финал, радиофинал және гранд-финал. Телевизиялық байқау қатысушыларының жасы 4-тен 45-ке дейін. Гранд-финалдың тікелей эфирі, сондай-ақ Radio Medua жергілікті радиостансасында жүргізілді. Қазақстандық жас әнші Аружан Ардақ аталмыш кезеңдердің барлығынан сүрінбей өтіп, ТМД елдерінен жалғыз финалист болды. Аружан Италия тіліне жартылай аударылған Рианнаның «Love on the brain» әнін орындады. Радиофиналда жанкүйерлер бұл әнді радиодан тыңдап, СМС арқылы дауыс берді.
Байқаудан кейін жас дарынның Италияда көптеген жанкүйері пайда болды. Жартылай финал және гранд-финалда италиялықтар қазақстандық қыздың көз тартар сахналық киімдерін де ерекше атап өтті. Аружан Ардаққа сыйлықты қала мэрі Марио Ромео табыстады.

21 қазан 2018 ж. 670 0