Қазақстанның жас шахматшылары Азия додасында 20 жүлде еншіледі
Ресейдің Тула облысында мектеп оқушылары арасындағы Азия чемпионатына 12 елден 314 жас шахматшы қатысты. Қазақстаннан 22 спортшы болды. Чемпионат осы айдың 2-10 күндері аралығында өтті, деп жазады Egemen.kz.Астанадан келген 14 жастағы Алдияр Жауынбай Азия чемпионы атағын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті (9 мүмкіндіктен 7,5 ұпай), рапидте күміс, ал блицте қола медаль жеңіп еншіледі. Елордадан келген Алихан Сағынтаев 11 жасқа дейінгі санатында блицте чемпионы атанып, классикалық шахмат пен рапидте екі рет екінші орынға ие болды. Амалия Едрешева 9 жасқа дейінгі қыздар арасында классикалық шахмат бойынша Азия чемпионы атанды, ал апидте қола медаль жеңіп алды.
Шахмат федерациясының мәліметінше, жүлдегерлердің ең жасы (7 жасқа дейінгілер арасында) Алинур Бауыржан блицте күміс, ал классикалық шахмат пен рапидте екі қола медаль жеңіп алды. Ал Әлімжан Жауынбай 13 жасқа дейінгілер санатында классикалық шахматта күміс, рапидте қола жүлдегер атанса, Әділ Азатжан 15 жасқа дейінгілер арасында классикалық шахматта қола, блицте күміс медаль иеленді.
Қыздар арасында Айару Алтынбек 17 жасқа дейінгі қатысушылар арасында рапид пен блицте күміс жүлдегер атанса, Ақнұр Мамакова 15 жасқа дейінгі санатта рапид пен блицте екі рет екінші орынға ие болды. Ал Акниет Күмісбай13 жасқа дейінгі қыздар арасында блицте үшінші орын алды.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс медаль иеленгені туралы хабарлаған едік.










