Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Маңғыстауда Джеки Чан киноға түседі

Маңғыстауда Джеки Чан киноға түседі

Әйгілі актер Джеки Чан ойнайтын "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау таңдалды, деп хабарлайды өңірдің Қоғамдық коммуникация орталығына  сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Әлемдік кино жұлдызы Джеки Чан және «Доспехи Бога»: Ультиматум фильмінің режиссері Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды ресми түрде бекітті», - делінген хабарламада.

Сапар барысында киножоба өкілдері өңірдің табиғи және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысып, ондаған ықтимал түсірілім алаңдарын аралап, негізгі табиғи нысандарды жан-жақты зерделеген.

Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде бірегей ландшафттары, ауқымды панорамалары және табиғи ерекшелігі үшін "Доспехи Бога: Ультиматум" фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау таңдалған.

"Культке айналған фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстанның киноиндустриясы үшін маңызды оқиға. Жобаның жүзеге асырылуы еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестициялар тартуға, сондай-ақ креативті индустриялар мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Аталған жобаға осындай деңгейдегі халықаралық команданың қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, жергілікті мамандарды тартуға және Маңғыстаудың табиғи әрі мәдени мұрасын әлемдік аудиторияға кеңінен танытуға қосымша мүмкіндіктер ашады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында Джеки Чан әлеуметтік желіде қазақстандық серіктестерімен түскен фотосын жариялап, Қазақстанға локацияларды зерттеу үшін келгенін жазған еді.

Кейін әйгілі актер басты рөлде ойнаған "Доспехи Бога" фильмінің төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілейін деп жатқаны белгілі болды.

Фото:Актер Джеки Чан. Фото: Jun Sato/GettyImages
12 желтоқсан 2025 ж. 428 0