Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа фильмі прокатқа шықты. Фильм "Аңыз" деп аталады. Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Бұл махаббат" (This Love) саундтрегі шырқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Трек музыкалық платформаларға 5 шілдеде шықты. Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны жайында баяндайды. Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін байқайды.

"Бұл махаббат" әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Оскардың музыкалық төрешісі, маэстро Натан Ванг жазған. Жаңа ән - Ван мырза мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы.
14 шілде 2024 ж. 177 0