Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Джеки Чан Алматыда: әлем жұлдызының Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Джеки Чан Алматыда: әлем жұлдызының Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды

Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Алматыға келгенін растап, қазақстандық серіктестерімен фото жариялады. Өнер иесінің Қазақстанға келуінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Джеки Чан Facebook парақшасында қазақстандықтармен фото жариялап, Қазақстанның оңтүстік астанасына жұмыс сапарымен келгенін растады.

«Алматыға локацияларды зерттеу үшін бардым. Salem Entertainment ұжымына асқан қонақжайлылық үшін алғыс айтамын», - деген жазба қалдырды актер.

Қазақстандық медиакомпания Instagram-дағы парақшасында  әйгілі Джеки Чанмен жұмыс кездесу өткенін хабарлады.

"Salem Entertainment қабырғасында әлемдік кинематография аңызы – актер, сценарист, режиссер және продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті. Біз ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актер біздің командамызбен бірге алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдады. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілетін болады", - деп жазды компания өкілдері.

Жобаның басқа мәліметтері әзірге құпия болып отыр. Алайда компания өкілдері көрермендерді алда ғаламат жаңалықтар күтуде екенін жеткізді.


Джеки Чан Алматыда. Фото: facebook.com/jackie
26 қыркүйек 2025 ж. 344 0