Алматыда жаңа рекорд орнатылды: 100 елдің қолөнершілері Алатау баурайында жиналды

Фестивальді Әлемдік қолөнершілер кеңесінің (World Crafts Council), Қазақстан қолөнершілер одағының, Smithsonian Center for Folklife and Cultural Heritage (АҚШ) және қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Келушілер әлемнің түкпір-түкпірінен келген шеберлердің көне дәстүрлерімен танысып, олардың туындыларын тамашалай алды.
Қазақстаннан бөлек фестивальге Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Ресей (Адлер, Татарстан, Башқұртстан), Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Үндістан, Италия және Франциядан қолөнершілер мен этно-дизайнерлер қатысты.
Фестиваль – мәдениеттер арасындағы диалог пен өзара әрекеттестік алаңы. Қазақстанның басқа елдермен қолөнер арқылы байланысы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жасампаздыққа жетелейді. Біз мәдени алмасу шеберлерге шабыт беріп, жаңа жобалар жасауға және бір-бірімізді өнер мен дәстүр арқылы жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді”, – деді Әлемдік қолөнершілер кеңесі Азия-Тынық мұхиты аймағы басқармасының құрметті мүшесі әрі кеңесшісі Азиз Муртазаев.
Сондай-ақ фестивальде күштік өнерден төрт мәрте әлем рекордшысы, қазақстандық Сергей Цырульников 9 тағаны 54 секундта майыстырып, Гиннес рекордтар кітабының жаңа әлемдік рекордын орнатты.
Фото: Нұрқанат Атажан