Менің сөмкем – жеке бір ғаламшар

Сөмкемнің ішінде бәрі бар. Бір қарағанда кішкентай ғана, бірақ ашсаң, әртүрлі заттар мен ойлар жинақталған ғаламшар. Киімдермен бір үйлесім табатын, көңіл-күйіңе сай түсіп тұратын бұл сөмке – менің ішкі әлемімнің айнасы. Әр таң сайын оны алып, өзіммен бірге алып кететін осы «ғаламшар» барлық маңыздыларды қасында ұстайды.
Таңертең шыққанда, оның ішінде кездесуге керек болған күндізгі макияж құралдарынан бастап, кездейсоқ кездесу үшін жасырын тұратын шоколадқа дейін бәрі болады. Бір рет барсам да, әртүрлі сезіммен, әртүрлі мақсатпен кетіп бара жатамын. Кешкісін сол сөмкемен салқын ауа райында қала көшелерін кезіп жүремін, ол да менің көңіл-күйімнің шырақшысы сияқты.
Кейде сөмкемен бірге мен де жаңадан ашылған әлемді зерттегендей сезінемін. Бір киіміммен жарасса, сөмке мені толықтыра түседі. Бір көзқараспен байқаған сәттер – сөмкенің өзі жай ғана тұрмайды, ол ішімде түрлі эмоциялар мен қуанышты әңгімелерді сақтайтын орын. Оны әрдайым өзіммен бірге алып жүру – менің шексіз мүмкіндіктерге бет бұруым сияқты. Молочный түсі оны менің басқа әлеміме кіргендей етеді, ол менің өзіндік ерекшелігімді, нәзіктігімді және бір сәттік тыныштықты сезінуіме мүмкіндік береді. Оның нәзік түсі менің әр киіміммен үйлесіп, менің ішкі дүниемді ашады.
Осылайша, менің сөмкем – әлемге шығар алдында мені танытатын, арманым мен іс-әрекетімнің қайнар көзі. Әр заттың, әр көріністің өз орны мен мәні бар, әрі мен осы сөмкеде өз әлемімді, өзімді қайтадан табамын. Бұл сөмке – менің жеке ғаламшарым. Онда менің армандарым, мақсаттарым, ұмтылыстарым мен эмоцияларым тұр. Ол менің жолымды, кешімді және жаңа күнді көрсететін бағдаршам сияқты.
НҰРБЕКҚЫЗЫ А.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден