Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аудандық фестиваль қос ауылда жалғасты

Аудандық фестиваль қос ауылда жалғасты

Жақында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан өнер фестивалі Шіркейлі және Қалжан ахун ауылындағы мәдениет ордасында жалғасын тапты. Әрине, мәдениет пен өнердің құтханасы саналатын ауыл топырағынан талай талант түлеп ұшқан. Қос ауылда өткізілген фестиваль барысында ауыл өнерпаздарының өнерін жергілікті тұрғындар мен қонақтар тамашалады.

Өнер фестивалін аудандық мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева ашып, мәдениет саласы мамандарының қажырлы еңбегін атап өтті.


– Өнерімен елді тамсандырған мәдениет сала­сының майталман мамандары фестиваль аясында шығармашылық тұрғыда даму үстінде. Біз қашанда бір орында тұрып қалмай алға қарай жылжи береміз. Мәдениет қызметкерлері қай кезде де, үздіксіз ізденісте жүреді. Соның арқасында кіл жүйріктің ішінен кім мықты екенін дәлелдейтіні жасырын емес. Барлық кәсіпорын мен кітапханашы арасынан үздікті таңдап, жеңімпазды анықтайтын боламыз. Қос ауылда өз деңгейінде өткізілген іс-шараның куәсі болдық, – деді бөлім басшысы.


Өз кезегінде қос ауылда «Адал адам» мәдени-тәрбие тұжы­рым­да­масы негізінде қолға алынған жобалар көпшілікке кеңінен насихатталды. Аудан ардагерлері өнерпаздың өнеріне тәнті болып, жоғары баға берді. Халық әндері шырқалып, би қойылымдары көрініс тапты. Ақын-жазушылардың шығармасын мәнерлеп оқыған жастарға ел сүйсінді. Аталған фес­тиваль шең­бе­рінде көпшілік қауым бірнеше ауыл­дағы мәдениет ошағының жұмысына барынша қанығатын болады.


«Тт» ақпарат

03 тамыз 2024 ж. 332 0