Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Өнерімен өрге жүзген ауыл

Өнерімен өрге жүзген ауыл

Негізінен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ықпалымен екі ай көлемінде өнер фестивалі Тереңөзек кенті мен барлық елді мекенде жүзеге асатын болады. Бұған дейін Аманкелді және Ақжарма ауылындағы өнер бәсекесінде бас қосқан мәдениет майталмандары ақиық ақын, сатира сардары Асқар Тоқмағамбетов елді мекенінде ерекше өнер кешін тамашалады.

«Өнер тұнған – туған жер» тақырыбындағы фестивалдің ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева сөз сөйлеп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

– Сырдария ауданында ауқымды жоба қолға алынғаны мәлім. Біз ілкімді істерге иек артып, барлық мәдениет ошағында өнердің кез келген жанры қамтылған фестиваль барысына толықтай қанығып келеміз. Әрине, ортақ тәжірибе алмасқан кәсіпорын басшылары салаға серпіліс сыйлауда. Өз кезегінде өзара жарыса жүріп, шығармашылық әлеуетін байқата білген ұжымдар арасынан «Үздік мәдениет үйі – 2024» және «Үздік кітапханашы – 2024» номинациясы бойынша жеңімпазды анықтаймыз. Барлық талапқа сай келген мәдениет ошағы комиссияның шешімімен үздік атанады. Осы орайда, Асқар Тоқмағамбетов ауылының халқы өнерде кеңде емес екендігін жан-жақты байқата білді, – деді Анар Сраждинқызы.

Асқар ақынның ауылындағы кеште көпшілік «Адал адам» мәдени-тәрбие тұжырымдамасы негізінде қолға алынған әрбір жобаға жоғары баға берді. Сонымен қатар ауыл өнерпаздары киелі сахнада сан түрлі жанр бойынша өз өнерлерін жиналған көрермендерге көрсетті. Ән айтылып, би биленді. Қағытпа қалжыңға негізделген сахналық қойылым әрбір адамның жүрегінен жол тапты. Көркем сөз шеберлі Асқар Тоқмағамтовтің бірнеше шығармасын орындаса, ақ жаулықты аналар халық әндерін шырқады. Осыған дейін іргелі ауыл жөнінде жарық көрген кітап таныстырылып, тарих қойнауынан сыр шертетін құнды мұралар көрсетілді. Ал қолөнер шебері, өлкетанушы Жәнібек Маханбет пен ісмер, жеке кәсіпкер Нұрсұлу Ажарова өз туындысын келген қонақтарға ұсынды.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
23 шілде 2024 ж. 179 0