Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ашық аспан астындағы фестиваль

Ашық аспан астындағы фестиваль

«Ел іші – өнер кеніші» деген сөз бекер айтылмаса керек. Бүгінде өнермен биік шыңға шыққан ауыл өмірінде талантты өнерпаз жеткілікті. Бұл ретте, аудан көлемінде мәдениет саласы мамандарының басын қосқан өнер фестивалі Ақжарма ауылында жалғасын тапты. «Айналдым, халқымнан, атыңнан Ақжармам!» тақырыбындағы іс-шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева, аудандық мәдениет үйінің директоры Нұрхан Көшербаев, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Салтанат Қуандықова, кәсіпорын басшылары мен сала мамандары қатысты.

Кеш барысында ауылдық мә­дениет үйінің директоры Айта­мағанбет Темірханов «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжы­рым­дамасы негізінде ашылған бірнеше жобаны көпшілікке таныстырды. «Жанұя шуағы» отбасылық жобасы бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева кішкентай сәбидің тұсауын кесіп, ата-анасына ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар өзге де жоба шеңберінде дайындалған көрме жұмысына қанықтық.

Ақжарма ауылының халқына арнап ашық аспан астында жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Бірқатар халық әні шырқалып, ақ жаулықты аналарымыз жырдан шашу шашты. Мың мұралған бишілер, күмбірлете күй шерткен домбырашылар, сазды әуенге ерік берген баян аспабының шеберлері көпті тәнті етті.

– Біздің бөлімнің қолдауымен барлық ауылда «Мәдениет – өркениет мәйегі» тақырыбында өнер фестивалі жүзеге асуда. Өз кезегінде Ақжарма ауылында мазмұны терең кешке куә болдық. Жанды дауыста халық әндері жанымызға шуақ сыйлады. Фестиваль қорытындысында құрылымдық жағынан комиссия мүшелері саралап, өз ойларын ортаға салды. Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін, – деді Анар Сраждинқызы.

Ауылдық мәдениет үйінде баланы өнерге баулу мақсатында бірнеше үйірме жұмыс жасайды.

– Өтірік өлең шебері, ақын Заметдин Ибадуллаев, жерлестерінің мақтанышы Балашбек Шағыров, «Құрмет» орденінің иегері Мамыр Бәйдәулетовтің туған жері – Ақжарма ауылының топырағы өнерден кенде емес. Жыл көлемінде жоғарғы деңгейдегі байқаудан көп­теген өнерпаз жеңіс тұғырынан көрінді. Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасы бойынша жүйелі түрде іс-шара өткізіледі, – деді Айтмағанбет Темірханов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
16 шілде 2024 ж. 167 0