Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет – мәңгілік, өнер – өміршең

Мәдениет – мәңгілік, өнер – өміршең

Театр – өнерпаздарды бір шаңырақ астына біріктіріп, бір отбасындай жақындастыратын шаңырақ. «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» дейді Ғабит Мүсірепов. Сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны бір төбе. Театр – қиын сала. Олай дейтін себебіміз, әртіс сахнада, көрерменнің көз алдында ойнауы тиіс. Көрерменге түрлі эмоцияны тікелей сезіндіре алуы керек. Сахнада өмір көріністерін драмалық әрекеттер арқылы көз алдыңа келтіретін театр өнері – қоғамдық ой-сананың шарықтау шегі мен адами дүниетанымның жемісі.

Халықаралық театр күніне орай аудандық мәдениет үйін­­де «Өмірдің өзі – театр» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиын­ға мәдениет және спорт бөлімі­нің инспектор меңгеру­шісі Ж.Төрәлиев, театр майталман­да­ры мен аудан өнерпаздары қатысты.

– Театр – барлық өнердің жиын­тығы, бір ғана қойылымда ән де, күй де, дәстүр де, ұлттық ұранды ұлықтату да тоғысады. Осындай өнер жолында елеулі еңбек етіп жүрген әріптестерімді мерей­лі мерекемен шын жүректен құттық­таймын. Киелі өнердің алғаш­­қы бастауы – грек елінен басталса, өнердің өрнегі қазақ елінде ең алғаш рет біз тұрған киелі сахнадан басталғанына уақыттың өзі куәгер. Театр – тәрбие бесігі. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деп баға беруі де тегін болмаса керек. Мәдениет пен руханият әлемін театрсыз елес­тету әсте мүмкін емес, – деген Жеңісбек Үсенұлы театр өнеріне қосқан үлестері үшін бірқатар өнерпазды марапаттады.

Атап айтар болсақ, Сырдария аудандық мәдениет үйі жанын­дағы «Олжа» Халық театры облыстық кәсіподақ төрайымы­ның «Алғыс хатына» ие болды. Сонымен қатар, театр саласында өзіндік орны қалыптасқан мәде­ниет саласының ардагері, белгілі режиссер Рахия Әбду­каримова, аудандық мәде­ниет үйінің директоры Нұрхан Көшер­баев, мәдениет үйінің әдіс­­кері, театр мүшесі Гаухар Сәрсенбаева, мәде­ниет үйі басшысының орынбасары Азиз Садықов, Айдарлы халық театры­ның мүшесі Орынбай Оспанов, аудандық мәдениет үйі жанын­дағы халық театрының режиссері Дәулет Асанов, халық театрының суретшісі Жәнібек Әбдіреев аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, мерейі артты. Сонымен қатар, мәдениет саласының өркен жаюына өзіндік үлесін қосып жүрген өнерпаздар Алмат Өтеуов, Абзал Молдашев, Мақсұт Әбсадықов, Ербол Медет, Дастан Палмахов, Динара Жәкешова, Мөлдір Серікбай, Толғанай Қашақова, Ақбота Талғатова, Бақытжан Әлтаев, Сұңғат Раушанбеков, Бақытжан Беккулиев, Ержан Жүнісов, Нұрила Кенесары, Ерхан Қалуадинов, Ербол Бекжүнісов ау­дан әкімі орынбасарының «Ал­ғыс хаты­мен» марапатталды.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
02 сәуір 2024 ж. 180 0