Даңқы көкке өрлеген ақын

Қазақ қаламгерлерінің ішінде Мұқағали Мақатаевтың поэзияда алатын орны ерекше. Мектеп оқушылары ақиық ақынның шығармашылығын көпшілікке кеңінен насихаттай білді. Поэзия мұзбалағының сан алуан тақырыпта жазылған өлеңдерін жастар жатқа оқыды. Сонымен бірге лирикалық өлеңдері желісінде арнайы қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Жас әнші Динара Жәкешова ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін әуелете шырқады. Өзге де мектеп оқушылары ерекше туындыларды орындап, көптің есінде қалды.
– Бүгін керемет кештің куәсі атандық. Өнерімен тәнті еткен жастар ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына тереңнен қанықты деп ойлаймын. Әрбір қаузаған тақырыбын жан-жақты аша білген олардың шығармашылық қабілеті зор. Әрине, қазақ руханиятының қайнар бұлағын қалыптастыра білген ақынның өлеңдері адам жүрегіне жақын. Қашанда жас ұрпақ ақынның мол мұрасын барынша ұғынып, өлеңнің құдіретін сезіне білуі керек, – деді аудандық білім бөлімінің әдіскері Қаракөз Қалжанова.
Жасындай ғұмырында жарқылдаған мұзбалақ ақынның поэзиясы мәңгілік өшпейді. Ізінен ерген келер ұрпақ ақын есімін жаңғырта бермек.
Б.АЯБЕКҰЛЫ