Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Еңсесі биік Елорда

Еңсесі биік Елорда

Астана күні – барша қазақстандықтар үшін мерейлі мереке. Бүгінде еліміздің жүрегі атанған елорда — армандар орындалатын, зор мүмкіндіктерге қол жеткізетін қала, деп хабарлайды Сыр бойы.

Бүгін Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында еліміздің бас қаласы — Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған “Еңсесі биік елорда” атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысып, Сыр жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады.

Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың толағай табыстарының символы, халқымыз қол жеткізген шексіз мүмкіндіктердің үлгісі. Өздеріңізге белгілі, алты Алаштың анасы – Сыр өңірі де төрт астананың төрі болған қасиетті мекен. Ұлы дала астаналарының көшін жалғап, игі шараға жиналған қауым Астана қаласына қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға белсене қатысты. Мереке одан әрі концертпен жалғасты.

Айта кетейік, Астана күніне орай қала және барлық ауданда мәдени-көпшілік іс-шаралар мен танымдық кездесулер өткізілуде.
07 шілде 2023 ж. 378 0