Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

01 сәуір 2023 ж.

№ 25 газет

28 наурыз 2023 ж.

№ 24 газет

25 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » » Облыстық фестивальдің жүлдегерлері

Облыстық фестивальдің жүлдегерлері

Отбасының ұйытқысы бола біліп, ізгілік қасиетімен да­раланған аналар қауымы қоғамдық жұмысқа да бел­сене атсалысады. Жекелеген елдімекенде бір­неше жылдан бері әже­лер ансамблі құрылып, көпшілікке өз өнер­лерін арнап келеді. Жа­қын­да­­ Қызылорда қаласын­да ән өнеріне машықтанған ақ жаулықты аналар арасында «Ұлағатты әже» та­қырыбында облыстық фестиваль өтті. Атал­ған бай­қауда Асқар Тоқмағам­бетов ауылдық клуб үйі жанынан құрылған «Асыл ана» әже­лер ансамблі бақ сынады.

Бір күнге созылған фестиваль барысында ұйымдастыру алқасы ұлттың өзегі саналатын рухани құндылықты дәріптей білген аналарға алғысын айтты.

Ұлттық өнердің нағыз ұлық­таушысына айналған бірнеше әжелер ан­самблі ән айтып, ауылдың алты ауызын көрсетті. Жылдар бойы қазақы нақыштағы халық әндерін шырқап келе жатқан «Асыл ана» әжелер ансамблінің жетекшісі – Әсел Ибраева. Ал құрамында ауылдың алты ауызын шырқайтын Орынбасар Үмбетова, Манат Есенбаева, Роза Төлепова, Бисенкүл Маха­нова, Қалмақгүл Үсенова, Гүлжаһан Ибрае­­ва, Патыма Қошқарова, Дана Омарова,  Ләззат Есенаманова, Серіккүл Бау­бекова, Назнуш Абибуллаева, Айжамал Дәрменова бар.
Ардақты аналар 10 ұжымның ішінен жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Жүлдегер­лерге арнайы диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды. 

Өз кезегінде фестиваль аясында аналар форумы өткізіліп, әйелдердің гендерлік саясаттағы орны, әлеуметтік жағынан қам­тылуы, олардың белсенділігін арттыру жө­нінде мәселелер қозғалды. «Асыл ана» әже­лер ансамблінің мүшесі, еңбек ардагері Роза Төлепова сөз сөйлеп, қыз-келіншектерге өсиет-өнегесін жеткізді.

– Біздің қоғамда аналардың алатын орны ерекше. Ардақты жандар отбасының ұйытқысы болып, ұрпағына тәлім-тәрбиесін беруде. Қашанда  айналасын ізгілік нұрына малшындырып, мейірім-шуағына бөлейтін асыл аналарға құрметіміз ерекше. Қазіргі  уа­қыт­та салиқалы болмысынан таймайтын менің замандастарым қыз-келіншектерге өне­сін үйретуден жалықпайды. Жастарға   қай кез­де де, отбасы құндылықтарын ұғын­­ды­руы­мыз керекпіз, – деді ардақты ана.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
18 наурыз 2023 ж. 46 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам