Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әжелер ұлттық өнерді насихаттады

Әжелер ұлттық өнерді насихаттады

Жақында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде семинар өтті. Ұрпақтар сабақтастығы мен руханиятымызды дәрітеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Қалжан ахун ауылдық клубы жанынан құрылған «Ақ әжелер» ансамблі де қатысты. Салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Ұрпақтар сабақтастығы» атты бөліміне қатысқан әжелер келешек ұрпаққа қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеді. Ақ жаулықты әжелер ұршық иіру, жүн түту, құрақ құрау, тоқыма тоқу сынды қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын балаларға түсіндіре отырып, білім алушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Одан кейін «Ақ әжелер» ансамблі жиналған көпшілікке арнап халық әндерін шырқап, көрермен көңіліне жол тапты. Сондай-ақ, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында семинарға қатысушылар ақжарма тілегін жеткізді. Саф өнерді барынша, жан-жақты көрсете білген ақ жаулықты аналарға зор құрмет көрсетілді.

Осы мектепте ұстаздық етіп жүрген ауыл мектебінің түлегі, білікті жас ұстаз Бағдат Әбіловке «Ақ әжелер» ансамблі аталмыш іс-шараға қатысуға ықпал қатысуға қолдау көрсеткен «БАҚ» шаруа қожалығының төрағасы Серік Әбжалиев өз алғыстарын білдірді.
28 қараша 2022 ж. 471 0