Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жеңіс тұғырынан көрінген жас өрендер

Жеңіс тұғырынан көрінген жас өрендер

«Art sport» бағдарламасы шеңберінде табысты жұмыс жасап келе жатқан «Сұлу-ай» мен «Аслан» шығармашылық және спорт орталығының бірнеше шәкірті орасан жетістікке қол жеткізуде. Шығармашыл өнерпаз бен спортшылар өткен аптада аудан мерейін асырып, үздіктер қатарынан көрінген болатын.

Республикадағы үздік ауылдың бірі саналатын Нағи Ілиясов елді мекеніндегі таек­вондо үйірмесінің мүшесі Рустам Бабя­жев «Саламатты жастар» орталығының ұйым­дастыруымен өткізілген Қызылорда қа­ла­сының ашық біріншілігінде жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Бұдан кейін татамиде мықтылық танытқан бірқатар дзюдошы «Наман ата» жүлдесі үшін облыстық біріншілікте сынға түсті. Облыстық бәсекеде бірнеше салмақ дәрежесі бо­йынша күрескен спортшылар жеңіске жете білді. Аталған жарыстың нәтижесінде, жүлделі І орынды Санат Бақытжанұлы, Нұра­лы Мейрамбекұлы, Нұрбол Мұханбет қан­жығасына байлады. Сонымен бірге екінші тұғырдан көренген дзюдошылар қатарында Мырза Смағұл, Мұхамедали Гажданбек, Бақ­берген Қалыбай бар. Ал үздік үштікті түйіндеген Сабыржан Мешітбаев, Гүлсезім Сәбит, Шадияр Нағызбек Санжар Смағұл, Нұрислам Ақылбек спорттағы өз нәтижесін жақсарта түсті.

Өз кезегінде ақыл-ойдың жүйрігі атана білген таланты шахматшылар «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткізілген аудандық командалық жарыста жүлделі ІІ орынды иеленді. Төзімділік пен білімділікке баулитын шахматпен тұрақты түрде айналысатын споршылар қатарында Бекнұр Мұханбет, Нұртуған Ермек, Әділет Досполұлы, Азима Мұханбет, Дияна Сұмағұл, Ерасыл Райымбек, Ердаулет Серікбай, Ерасыл Расулұлы,
Меруерт Қасенова, Ақниет Есіркеп бар.

Бұл ретте, өнерпаз балғындар да қос ор­талықтың жетістігін еселей түсті. Ақжарма ауылындағы «Эстрадалық вокал» үйірмесінің мүшелері «Атадан – мұра» қоғамдық қоры­ның ұйымдастыруымен Шымкент қала­сында өткізілген мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасындағы республикалық байқаудан жоғарғы көрсеткішпен оралды. Айта кетейік, «Вокал» жанры бойынша жүлделі ІІ орынды Айдын Таңат, Айкен Са­ғындық, Әнел Қайратқызы иеленді. Өнерлі әншілерді тәрбиелей білген үйірме жетекшісі Гүлмайра Босатханова «Үздік ұс­таз» төсбелгісімен марапатталды.

– Біздің қос орталықтың әрбір спортшысы мен өнерпазы жеңіс тұғырынан көрінуде. Олардың ұстаз бен бапкердің үмітін ақтап, жақсы нәтижеге қол жеткізгені қуантады. Негізінен, өткен жылы Нағи Ілиясов ауылынан бірқатар спорт үйірмесін ашқан болатынбыз. Бүгінде осындай үйірме арқылы кез келген спортшының табандылығын аң­ғарып келеміз. Сондықтан әркез талабы тау­­дай жас спортшыға қолдау көрсете береміз. Ақжар­ма ауылындағы «Эстрадалық вокал» үйірмесінің жетекшісі Гүлмайра Босатханова – өте еңбекқор жан. Оның өнерлі шәкірттері толағай табысқа қол жеткізуде. Біз әрдайым өнер айдынында шоқтығы биік балалармен мақтанамыз, – дейді Анар Қалдыбаева.

Айта кетейік, барлық спортшы мен өнер­пазға арнайы медаль мен диплом табыс­тал­ған.

Балтабай ОРДАБЕКОВ





31 қаңтар 2023 ж. 423 0