Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр шаһарынан жүлделі оралды

Сыр шаһарынан жүлделі оралды

Кеше Қызылорда қаласындағы Мадина Ералиева атындағы мадениет үйінде  таеквондо (Wt) спорт түрінен 2008-2016 жылы туған балалар арасында қалалық ашық біріншілік өткізілген болатын. Аталған жарысқа «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының «Таеквондо» үйірмесінің мүшелері бақ сынады.

Табандылық пен мықтылық танытқан спортшыларымыз аталған бәсекеде бірнеше салмақта тегеуріндік көрсетті. Өз кезегінде нағилық өрендер қарсыластарынан едәуір дайындығы жақсы екендігін дәлелдеді. Олардың қатарында, Әділет Марат, Рашид Марат, Нұрасыл Бекайдаров,  Нұрсұлтан Наршаев, Ерсұлтан Наршаев, Бекболат Құнанбаев бар. Жас спортшылардың жаттықтырушысы – Рүстем Мұхамбетқали.

Айта кетейік, қалалық біріншілікте 4 спортшы жеңімпаз атанды. Ал, 2 спортшы қола медаль еншіледі. Өз кезегінде жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға арнайы медаль мен «Диплом» тапсырылды.

– Біздің спортышыларымыздың дайындығы жаман емес. Барлығы өз салмағы бойынша жарыстың көрігін қыздырды. 4 спортшымыз финалға жеткенде қуанышымызда шек болмады. Алдағы уақытта осындай жарыстарға көптеп апару арқылы балғын спортшылардың тәжірибесін шыңдаймыз. Ата-аналар үмітін ақтау үшін барымызды саламыз. Жарыс жолында аянып қалмаймыз. Алдағы жылға құрған жоспарымыз жеткілікті. Айта кетейік, бұл – жеңісімізді «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының 1 жылдық мерей тойына арнаймыз. Бірлігі жарасқан ұжымды айтулы мерекемен құттықтаймыз, – деді «Таеквондо» үйірмесінің жаттықтырушысы Рүстем Мұхабетқали.
28 қараша 2022 ж. 380 0