Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Аманкелдіде әншілер байқауы бастау алды

Аманкелдіде әншілер байқауы бастау алды

Аудан орталығынан шалғайда ор­­наласқан Аманкелді ауылында мәдениет саласының жұмысын ілге­рілету жақсы жолға қойылған. Аманкелді ауылы әкімінің қолдауымен, мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Көрмей таңдау" жобасы бойынша әуесқой әншілердің байқауы өткізілуде.

Бірінші кезеңге мекемелер мен ауыл тұрғындары арасынан 13 талапкер қатыстырылып, еркін тақырыпта ән шырқап, келесі кезеңге жолдама алды.
                   
Жобаға арнайы шақыртумен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенбаева, мемлекеттік Қызылорда облыстық филармониясының әншісі Илмира Қазхожаева және Жетікөл ауылдық клуб кәсіпорнының басшысы Алмат Өтеуов қазылық етті.


Барлық талапкерлер байқауға жоғары дайындықпен келгендері көрініп тұрды. Әрбір талапкерлер өзіндік қырымен, ше­бер­лігімен ән салып, сахна төрінде өнерін көрсетті. Сахна мәдениетінің сақталуы, ән тақырыбына сай киім үлгісін таңдау, орындаушылар тарапынан мүлтіксіз орындалып, бұл сахнаның сәнін келтірді.

20 мен 60 жас аралығындағы әуесқой әншілердің өнеріне ауыл халқы тәнті болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Байқауға қатысушыларға келесі кезеңде сәттілік тілейміз!
28 қараша 2022 ж. 300 0